Қазақстанда 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан және заңнама талаптарын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылға белгіленген 1 млн гектар жоспардың орнына 1,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.