Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жүз жасқа толғандардың ең көп саны еліміздің ең ірі қаласы Алматыда тұрады, онда 100 және одан жоғары жастағы 58 адам бар.
— Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында — Түркістан облысы. Онда 100 жастан асқан 53 адам тұрады. Ал үшінші орында — Алматы облысы, онда 100 жасаған 37 адам бар, — делінген хабарламада.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны — 115 жас, Павлодар облысы — 113 жас, Жамбыл облысы — 110 жас кірді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.
Оны өткізудің басты мақсаты — егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.