Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Түзетулер "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң аясында қабылданған.
Атап айтқанда, Кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақша қосылды:
"Егер ерлі-зайыптылардың бірі қылмыстық қудалау органы шығарған және сот санкциялаған халықаралық іздеуге жариялау туралы қаулы күнінен бастап үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса, неке бұзылады", – делінген құжатта.