Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтардан қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлеріне қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырған.
Осылайша 2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.
"Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.