Қазақстанда 2024 жылы әскерге шақырылушылар саны артады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта нақтыланғандай, әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді қарастырады.

Бұған дейін жарлықта 39 180 адамды қызметке шақыру қарастырылған болатын.

Түсіндірілгендей, Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру жөнінде "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында атқарылады.

Құжат 19 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.