Қазақстанда 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және 1 млн-нан астам азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіштер 7,3 млн шаршы метрге немесе 48,5%-ға артық орындалып отыр.

Қуандық Қажкенов соңғы жылдардағы көрсеткіштерді де атап өтті:

2025 жылдың 11 айында ел бойынша 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни 154,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ретте 2025 жылға арналған жылдық жоспар 19,2 млн шаршы метрді құрайды, – деді ол.

Сонымен қатар Қуандық Қажкенов тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.

Азаматтарға, әсіресе тұрғын үйге мұқтаж жандарға жалдамалы тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық несиелер ұсынылады, – деді вице-министр.