Қазақстанда 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 19,5 млн тонна шөп (жоспардың 79,6%-ы), 1,5 млн тонна пішендеме (89,2%), 620,8 мың тонна құрамажем (11,1%), 1,28 млн тонна сабан (27,6%), 367,1 мың тонна сүрлем (18,1%) дайындалды,— делінген хабарламада.

Белсенді жұмыс Қостанай (98,0%), Ақмола (96,5%), Солтүстік Қазақстан (106,7%), Павлодар (91,1%) облыстарында, Жетісу облысында (91,0%), сондай-ақ Шымкент қаласында 100% жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.