Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды.

Атап айтқанда:

25,3 млн тонна шөп;

2,5 млн тонна сабан;

2,3 млн тонна пішендеме;

1,6 млн тонна құнарландырылған жем;

1,4 млн тонна сүрлем әзірленді.

Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 5,02 млн тонна жемшөп әзірленді. Одан кейін Жамбыл облысы – 3,25 млн тонна, Алматы облысы – 3,11 млн тонна, Батыс Қазақстан облысы – 2,58 млн тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 2,43 млн тонна көрсеткішке қол жеткізді.

Қазіргі уақытта жемшөп дайындау жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр.