Caravan Logo

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 23, 24 және 25 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.

"Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада.