Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды

Өңірлердің дерегі бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқабы биыл 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14% болды (2023 жылы-13%).

"24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), 1,7 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна концкорм және 2,0 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

Осы жылдың 30 қазанындағы жағдай бойынша 33,3 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 90,7%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 4,8 млн тонна құрама жем (86,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,4%) және 4,8 млн тонна сабан дайындалды (103,8%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан