Қазақстанда әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, еліміздің барлық өңірінде амбулаториялық деңгейде қызмет көрсететін "Әйелдер консультациясы" бөлімшелері қайта ашылып, олар бірқатар жаңа бағыттағы қызметтерді біріктірмек.

Жаңартылған құрылымда ашылатын бөлімшелер:

Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова жаңа бөлімшелердің емханалар базасында жұмыс істейтінін және әйелдерге кешенді көмек көрсететінін айтты.

Бұл бастама – әйелдердің денсаулығын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам, – дейді Халықова.