Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады

Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды

 Қазақстандағы алғашқы бокс-парк Алматы қаласында ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады 

© Photo : "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Бокс-парктің басты ерекшелігі сол, серуен аймағы толығымен теңіз контейнерлерінен жасалған.

"Онда дүкендер, кафе, спорт студиялары, кеңсе мен демалыс орындары ашылады. Қазіргі кезде бокс-паркте 17 сауда-кеңсе модулі орнатылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жасыл аллеялар, балалар алаңдары және мәдени іс-шараларға арналған ашық аспан астындағы амфитеатр бар.

1/3

© Photo : "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Қазақстанда алғаш рет бокс-парк ашылады 

Жаңа серуен аймағы Кешен Төле би көшесі мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан. Жалпы аумағы – 2,7 мың шаршы метр. Бокс-парктің ресми ашылуы 27 қыркүйекте өтеді.

Айта кетері, бұл жобаны жеке кәсіпкер іске асырып отыр. Ол үшін "Almaty Business – 2025" бағдарламасымен 6 процентпен 7 жылға 500 млн теңгенің несиесін алған. Жаңа кешеннен қала бюджетіне жыл сайын шамамен 30 млн теңге салық түседі.