1 қазан – Радио қызметкерлері күні, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қазақстанда алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратты. Сол жылы Қазақ радиосы Орынбор қаласынан эфирге шығып, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау жұмыстарында маңызды рөл атқарды. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы еліміздің ақпараттық, мәдени және білім беру саласындағы маңызды мекемелердің бірі болып табылады, оның ішінде «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиолары бар .
Биыл елімізде Astana Media Week өткізілді. Бұл отандық медиа индустрияны дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара. Мұнда радио мен медиа саласының мамандары өзекті мәселелерді талқылап, идеялармен бөлісті. Қазақ радиосы өзінің тыңдармандарына ұлттық мәдениет пен қоғамдағы маңызды тақырыптарды насихаттауда белсенді түрде жұмыс істеп келеді.
Шалқар радиосы өз аудиториясына тек қазақтың дәстүрлі музыкасы мен мәдениетіне бағытталған контент ұсынады. Бұл радиостанция 2020 жылдан бері ұлттық бағытта хабар таратуды күшейтті.
Бүгінде жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына қарамастан, радио мемлекет пен қоғамның дамуында, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Радио – сенімді дереккөз әрі мәдени және танымдық функцияларды атқарады, жолаушының серігі болып қалуда.