Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама жетілдірілуде

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер органдары жүйесінде осы жыл «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбы аясында өтетіні атап өтілді. Осыған байланысты арнайы ведомстволық жоспар әзірленді. Министрдің сөзінше негізгі назар – балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

Осы салада заңнама дамып келеді. Балаларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

«Профилактика туралы» жаңа Заң аясында:

Сонымен қатар:

Өткен жылы түнгі уақытта:

Ата-ана міндеттерін орындамаған 29 мың заңды өкіл жауапқа тартылды. Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу жұмысы күшейтілді. Оларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 17 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Мектептер қасындағы инфрақұрылым тексерілді. Қосымша:

«Жол ережесін бұзуды автоматты тіркейтін – «Ақылды жаяу жүргінші өткелдері» жобасын кеңейтіп жатырмыз. Мектептердің 100% бейнебақылаумен жабдықталған. Олар Жедел басқару орталықтарына қосылған. Қазір қауіпті жағдайларды анықтайтын жасанды интеллектісі бар камераларды енгізуді бастадық. Бұл жұмыс әлемнің озық тәжірибесін ескерумен жалғасатын болады. Жасөспірім қылмысының профилактикасына тоқталдып өтсем. Есепте тұрған 4 800 кәмелетке толмаған және 5 700 ата-ана тұрақты бақылауда. Кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың рөлі күшейтілді. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «қиын» балаларға қатысты тәрбиелік шаралар тізбесі кеңейтілуде», — деді министр.

Сондай-ақ уәкілетті органдармен бірге:

Ведомство басшысының сөзінше әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Құқықтық түсіндіру дәрістері өткізіледі. Ерлік және «жеке қауіпсіздік» сабақтары ұйымдастырылады. Мектептерде басқа оқушыларға теріс әсер ететін бейресми бұзақылар анықталды. Мұғалімдермен бірлесіп оларға қатысты мақсатты профилактика жүргізілуде.

«Жалпы, бұл салада жұмыс атқарылып жатыр. Осы Концепция барлық мүдделі органдардың кешенді жұмысын қамтамасыз етуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды», — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.