Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, 18-21 жас аралығындағы қазақстандықтарға төлем карталарын онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынбақ. Жаңа картаны алу үшін олар банк бөлімшесіне баруы тиіс.
Бұдан бөлек, банктерге 21 жасқа толмаған жастармен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынбақ.
Тағы бір өзгеріс 14-18 жас аралығындағы қазақстандықтарға қатысты: егер олар интернет арқылы банк қызметтерін алатын болса, олар жүргізген операцияларды ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері міндетті түрде растауы тиіс.
Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, бұл шаралар клиенттерді алаяқтықтан қорғау үшін қажет. Сондай-ақ, осы мақсатта ҚНРДА банктерді клиенттердің биометриялық деректерін – фото және видео материалдарды – олармен қарым-қатынас аяқталғаннан кейін кемінде 5 жыл сақтауға міндеттемек.
Сонымен қатар, банктер мынадай санаттағы клиенттерді мұқият бақылауы тиіс:
Жобаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер клиенттің электрондық қызметтерге қол жеткізу үшін бірдей телефон нөмірі мен құрылғыны пайдалануын қадағалауы тиіс.
Кезекті картаны шығарғысы келетін клиенттер оның мақсатын көрсетуі қажет. Ал банктер өз кезегінде операциялардың көрсетілген мақсатқа сәйкестігін тексеруі тиіс. Егер мақсат пен жүргізілген операциялар сәйкес келмесе, клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалмақ.