Қазақстанда банктер мемлекетке қанша қарыз? Тізім

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан банктері капиталдандырудың жеткілікті деңгейін көрсетіп отыр. Барлық үстемеақы мен буферлерді ескере отырып, банктер капиталы ең төменгі реттеушілік талаптардан асып түседі. Бұл банк жүйесінің орнықтылығын, қызметтің үздіксіздігін және туындайтын тәуекелдерге төтеп беру қабілетін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда төрт банктің балансында қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін берілген 1,3 трлн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қаражат бар. Олар:

Мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінген қаражатты банктер жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қайтарады.

Агенттік банк секторының бұрын мемлекеттік қолдау алған бөлігі бұл қаражатты жабуға бөлінген шығындарды толығымен өтегенін атап өтті. Нәтижесінде, олардың қаржылық жағдайы жақсарды: капитал қоры нығайып, өтімділігі артты.

Мемлекеттік қаражатты қайтаруды жеделдететін заң қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы желтоқсанда арнайы заң қабылданды. Ол:

Бұл талап мемлекеттік қаражатты тез қайтаруға ынталандыру үшін енгізілді.

2023 жылғы сәуірде агенттік дивидендтерді шектеу тетігін бекітіп, мемлекеттік қолдаудан түскен кірістер есебінен дивидендтер төлеуге тыйым салды. Сонымен бірге банктерді қаражатты өзінің капиталдық дисконт үлесіне тең мөлшерде мерзімінен бұрын қайтаруға ынталандыратын механизм қабылданды.

Қандай банктер қаражатты қайтарды?

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде екі банк мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын толық өтеді:

Осылайша, 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 526,9 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау қаражатының қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Биыл Ұлттық Банк мемлекеттің қолдау қаражаты сомасының 10%-ы мөлшерінде жаңа міндетті резервтердің жоғары нормативін (ЕТРТ) енгізді. Бұл банктер үшін арзан мемлекеттік қаражатты балансында ұстауды тиімсіз етеді және қаражатты мерзімінен бұрын өтеуге ықпал етеді.

Агенттік Ұлттық Банкпен бірге банктердің мемлекеттік қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтаруына бағытталған жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.