Қазақстанда баспана сатып алу 2,1%-ке азайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылғы маусым айында тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 33 273 мәміле тіркелген, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Мамырмен салыстырғанда мәміле саны 2,1%-ке азайған

Тұрғын үй түрі бойынша мәміле саны:

жеке үйлер бойынша – 7 844

пәтерлер бойынша – 25 429

Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 628 – 19,9%) және Астана (6 072 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 392 – 7,2%) көш бастап тұр.

Бір айдың ішіндегі бағаның өзгеруі мынандай:

Жаңа пәтер – +1,1%

Қолданыстағы пәтер – +0,9%

Жалға алу – +0,3%