Қазақстанда бірыңғай QR іске қосылды: енді тауар бағасы арзандай ма?

Бірыңғай QR деген не?

Бұрын дүкеннің терминалы бір банкке тиесілі болса, басқа банктің қосымшасы арқылы төлем жасау әрдайым мүмкін бола бермейтін. Енді жаңа жүйе арқылы банктердің қосымшалары мен терминалдары бір-бірін «түсінеді». Яғни дүкен бір банкте, ал сіздің шотыңыз басқа банкте болса да, төлем еш қиындықсыз өтеді.

Қалай төлем жасауға болады?

Бар болғаны:

Алайда әзірге барлық дүкендер жаңа жүйеге толық қосылып үлгерген жоқ.

Сатып алушы үшін қандай пайдасы бар?

Ең басты артықшылық – еркіндік. Енді дүкен қай банктің терминалын пайдаланатынына қарамай, өзіңізге ыңғайлы банктің қосымшасымен төлей аласыз.

Сонымен қатар банктер арасында бәсекелестік күшейеді. Олар клиент тарту үшін:

Бөліп төлеу барлық жерде жұмыс істей ме?

Жоқ. Бірыңғай QR тек төлем жасауға арналған. Ал бөліп төлеу – банктің несиелік өнімі. Сондықтан ол бұрынғыдай белгілі бір банк пен серіктес дүкендерге байланысты болады.

Тауарды қайтарғанда ақша қалай қайтады?

Ақша сатушы банктен Ұлттық төлем жүйесі арқылы сатып алушының банкіне жіберіледі. Бірақ қаражаттың қанша уақытта түсетіні мен ішінара қайтару тәртібі сияқты мәселелер тәжірибе барысында анықталады.

Тауар бағасы арзандай ма?

Теориялық тұрғыда дүкендердің шығыны азаюы мүмкін. Себебі бірнеше банк терминалын орнатудың қажеті болмайды.

Алайда бұл тауар бағасы төмендейді деген сөз емес. Бағаға жалдау ақысы, жалақы, жеткізу, салық, коммуналдық шығындар және басқа да факторлар әсер етеді. Сондықтан бірыңғай QR енгізілгенімен, дүкендер бағаны төмендетуге міндетті емес.

Қорытынды: Бірыңғай QR төлем жасауды әлдеқайда ыңғайлы етеді. Бірақ кэшбэк, бөліп төлеу, ақша қайтару және басқа қызметтер бұрынғыдай әр банктің өз ережесіне байланысты болады. Ал жаңа жүйенің нақты тиімділігі оны барлық дүкендер толық енгізгеннен кейін белгілі болады.