Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстанда 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 464,71 теңге деңгейінде белгіленген.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Ұлттық банк "айналау" тетігін енгізді. Ол ірі біржолғы операциялардың орнына Ұлттық қордан валютаны кезең-кезеңімен сатуды көздейді. Ұлттық банк бұл шара бюджеттік трансферттердің валюта нарығына әсерін бәсеңдетуге, теңге бағамының динамикасын тұрақты етуге және бағамның күрт құбылуын болдырмауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Автор: Caravan.kz