Қазақстанда доллар бағамы өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге көтеріліп, 481,19 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 30 қыркүйектегі ресми бағамы - 479,23 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 479,44 теңгеге, сатылымы 481,10 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,28 теңгеден сатып алынып, 482,30 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 27 қыркүйекте KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге көтеріліп, 479,23 теңге болған.