Қазақстанда екінші АЭС қашан салынады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Менің ойымша, (шешім – ред) күзде қабылданады. Күзде цифрлар, қандай да бір деректер белгілі болады. Бәлкім, одан да ертерек уақытта (белгілі болуы – ред.) мүмкін, - деді Роман Скляр "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан АЭС құрылысы жобасы бойныша қытайлық CNNC компаниясын сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратын айтқан.

Сондай-ақ Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, жоба қытайлық компанияның қатысуымен және оның техникалық қолдауымен іске асырылады.

Екі АЭС-тің де нақты мерзімі мен құрылысының құны техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеген соң белгілі болады. Алаңды таңдау процесі ұзаққа созылмайды деп ойлаймыз, - деді Роман Скляр.