Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл өзгеріс көшпелі окенариум мен дельфинарийлерге де қатысты. Яғни, жан-жануарлар мен балықтарды енді жүк көлігіне салып алып, айлап гастроль сапармен ауыл-аймақ, қала, кенттерді аралауға болмайды. Жаңа ережеге бағынбағандарға қомақты айыппұл салынады.
Бас эколог Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда осы саланы бірізділікке түсірсек, министрліктің айналысар келесі шаруасы ірі циирк болмақ. Көршілес Өзбекстандағыдай, барлық жабайы жануарлар мен үйретілген аң-құстарды зообаққа ауыстыру мәселесі қолға алынады.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
— Бұл ереже 1 қаңтардан бастап іске асырылады. Байланыс жасайтын зообақ деп жатамыз ғой, жан-жануарды бейберекет ұстататын, сондай зообақтың барлығына тыйым салынады. Басқа елден келетін көшпелі цирктер де осы санатқа жатады.