Caravan Logo

Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады

Қазақстанда ең төменгі жалақыны имамдар алады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті, - деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде, - деді ҚМДБ.