Қазақстанда ескі көлік иелері үшін көлік салығы азаяды

Көлік салығының мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері 10 жастан асқан көліктерге қолдануды ұсынылды. Бұл туралы Сенат депутаттарына жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, автокөлік иелері жеңіл автомобильге салық салуды қайта қарау мәселесін көп жылдан бері көтеріп келеді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, көліктің «жасы» неғұрлым үлкен болса, салық ставкасы соғұрлым төмен болады.

Мысалы, автомобиль 10 «жаста» болғанда 0,7 коэффициентін қолдану ұсынылады, 15 жастан 20 жасқа дейін – 0,5; 20 жастан жоғары – 0,1.

Бектенов атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда жасы 10-20 жылдан асатын ескі автокөліктер көп. Бірақ олар бойынша салық жаңа автомобильдермен бір деңгейде төленеді.

Премьер-министр айтуынша, жылдар өте келе тозған техника жиі бұзылып жатады, ал оны тиісті жағдайда ұстау үшін үлкен қаржылық шығындар талап етіледі.

Елде жаңа көліктер үлесі артпады. Бүгінде азаматтардың көбісінің жаңа авто алуға мүмкіндігі жоқ.

"Біз ескі-құсқы автомобильдердің әрі қарай пайдаланылуын ынталандырмауымыз керек! Үкімет, керісінше, жаңа автомобильдерді сатып алуға қозғау салуға немесе оған басқа бір балама ұсынуға тиіс еді. Осы бағытта іс-шаралар кешені жүзеге асырылса, тек сонда ғана біз ескі машиналардың елге ағылуына тосқауыл қоя аламыз. Оған дейін жолдардағы қауіпсіздік, экологиялық тұрақтылық мәселесі жайына қалады", – деді "Ортақ жол" жол жүрісі қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов.