Қазақстанда ипотека шарттары айтарлықтай өзгертілмек

Құжат ипотека шарттарына елеулі өзгерістер енгізуді көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Депутаттар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады.

"Заң жобасының негізгі мақсаты – үлестік құрылыс саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейту, тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы мәмілелердің қауіпсіздік деңгейін арттыру, инватакси қызметтері мен автожол саласындағы кадрлық әлеуетті жақсарту", – делінген құжаттың қорытындысында.

Тұрғын үй салынбаса, ипотека жоқ

Түзетулердің негізгі блогы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысты. Құжатта қатаңдату шараларының бірқатары көзделген:

"Заң жобасы аясында үлескерлер қорғалмаған және құрылыс салушылар жауапкершіліктен жалтаратын, салынып жатқан үйлерді сатудың "сұр" схемаларын толық жою ұсынылады", – делінген қорытындыда.