Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, аудиттің мақсаты "Яндекс" сервисін, соның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болған.
"Жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен қатар, әуежай аумағы мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, операциялық процестер қарастырылды. Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар мәселе анықталды. Кейбір мәселе жойылды, ал қалғандары бойынша "Яндекс" оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгерген, нәтижесінде "Яндекс" осы бағдарлама бойынша барлық шығынды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алған.
"Яндекс" қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізген:
Бұдан бөлек "Яндекс Такси" "эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы ауа райының қолайсыз кезде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесін енгізеді. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адам такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.
"Яндекс Таксидің" антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерін орындауы агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында. Оның құрамына кәсіби қауымдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ, таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді", - деп жазылған хабарламада.