Қазақстанда электромобильдерді қуаттайтын 43 станция іске қосылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында электрқуаттау станцияларының (ЭҚС) желісін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бастама экологиялық таза көліктің дамуына жол ашып, жүргізушілердің сапарын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған. Бүгінгі күні еліміз бойынша 43 заманауи жылдам қуаттау станциясы іске қосылған, - деп жазылған "ҚазАвтоЖол" ҰК хабарламасында.