Caravan Logo

Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр

Қазақстанда қай салаға жасанды интеллект белсенді енгізіліп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Бұл экономиканың негізгі салаларына жасанды интеллект шешімдерін енгізуге бағытталған акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама командаларды іріктеу мен оқытудан бастап, салалық бағыттар бойынша пилоттық жобаларды сүйемелдеу және іске қосуға дейінгі барлық негізгі кезеңді қамтиды, - деді Ғиззат Байтұрсынов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Жасанды интеллект шешімдерін енгізуге бағытталған акселерациялық бағдарламаның бірінші кезеңі келесі саланы қамтыды:

Одан әрі министрлік өкілі акселерациялық бағдарламаның бірінші кезеңінің нәтижесімен бөлісті. 

– Бағдарламаға қатысушы компаниялардан 116 өтінім қабылданды, 32 компания іріктеуден өтіп, акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады. 3 ай ішінде түрлі салада 27 пилоттық жоба іске қосылды. Сол сияқты 4 жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып, тиімділігі мен ауқымын кеңейту әлеуетін растады, - дейді Ғ. Байтұрсынов.