Қазақстанда қанша ер адам тұратыны айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengri Life-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Олардың 56 пайыздан астамы 16-дан 60 жасқа дейінгі аралықта:

Ерлердің орташа жасы шамамен 31 жас 1 ай, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы шамамен 72 жас 2 ай.

Ер адамдардың ең көп бөлігі оңтүстік өңірлерде және Алматыда тұрады:

"Биылғы бес айда Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі Алан болды – бұл есім 817 балаға берілген. Одан кейінгі орындарда Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері тұр", – деп хабарлады ведомство.

Ұлттық бюро деректеріне сәйкес, ерлер еңбек нарығының жартысынан астамын иеленеді: жұмыспен қамтылған халық арасындағы олардың үлесі 51,6 пайызға немесе шамамен 4,8 миллион адамға жетеді.

Ер адамдар көбінесе келесі салаларда еңбек етеді:

Ерлер көбінесе өз ісін алға жылжытып, өзіне жұмыс істеуді жөн көреді. Жеке кәсіпкерлер арасындағы олардың үлесі 54,7 пайыз болады. Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі 35–44 жас тобына тиесілі - шамамен 1,4 миллион ер адам.