Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тетіктері пайда болмақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру құралдары арқылы жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге жуық 26 мыңнан астам жоба жүзеге асты. Бұл –экономиканың нақты секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай серпін берген көрсеткіш.

Биылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне арналған жаңа кредит беру жүйесі енгізілді. Бұрын «Даму» қоры арқылы жүзеге асқан жеңілдікті субсидиялау енді екінші деңгейлі банктерге тікелей беріледі.

Жаңа тетік портфельдік субсидиялау әдісімен жұмыс істейді, яғни банк өз тәуекелін өзі басқара отырып, кәсіпкерлерге жедел несие ұсына алады.

Бұл шешім бюрократиялық рәсімдерді азайтып, кәсіпкерлердің қаржыға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Кәсіпкерлерге арналған тағы бір маңызды жаңалық – «Өрлеу» бағдарламасының іске қосылуы. Оның аясында бизнес иелері:

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 392 млрд теңгеге 1 095 жоба қаржыландырылған.

«Даму» қоры базасында екі кепілдік беру қоры құрылды. Бұл қорлар өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, білім беру қызметі сияқты салалардағы жобаларды қамтиды. Ондағы мақсат – мемлекеттік қаражатқа тәуелділікті азайту және банктердің өтімді қаражаттарын тарту арқылы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту.

2025 жылғы 9 қазанға дейінгі дерекке сай:

Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы барлық шаралар Бірыңғай өзекті тізілімге енгізілді. Мұнда 100-ден астам қаржылық және қаржылық емес қолдау түрлері бар. Әрқайсысына арналған бірегей паспорт кәсіпкерлерге ақпаратты ашық әрі ыңғайлы форматта ұсынады.

Ал «Baqylauda» жүйесі цифрлық инфрақұрылымның орталық буынына айналып келеді. Ол өтінімдерді екі деңгейлі тексеруге, қаржыны алушыларды онлайн-мониторингтеуге, өңірлер мен салалар бойынша тиімділікті бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа қаржыландыру және кепілдік беру тетіктері Қазақстандағы бизнес климатты жақсартып, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін арттыруға бағытталған. Цифрлық бақылау құралдарының енгізілуі — мемлекеттік қолдау жүйесін ашық, жылдам және тиімді етуге жасалған нақты қадам.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жүйесі жаңа сапалық деңгейге шығып, экономикалық өсімнің басты драйверлерінің біріне айналмақ.