Қазақстанда көлік саны бір жылда 12,3%-ға көбейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның 4,8 млн-ы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.

Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік көп.

Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.

"Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірлері бар автокөлік құралдарының саны 9,4%-ке, яғни 157,3 мыңға дейін қысқарды. Аймақ белгіленбеген нөмірлері бар машиналардың саны 13%-ға, 294,4 мыңға дейін, ал дипломатиялық нөмір таққан автокөлік құралдарының саны 10%-ға, 48,8 мыңға дейін өсті", - деп жазды ақпарат порталы.

Биылғы жарты жылда қазақстандықтар 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ға өскен. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.

Ал көліктердің шыққан жылына зерттеу жүргізгенде, биыл жарты жылдағы көрсеткіш бойынша 2,5 миллон көліктің жасы 20 жылдан үлкен. Ал небәрі 335,2 мың көлік үш жыл ғана жүрілген.