Қазақстанда көліктер саны күрт өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengri Auto-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың мамырында Қазақстанда 128,1 мың автокөлік тіркелген, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 15 пайызға артық. Жаңадан тіркелген көліктердің басым бөлігін – 113 мыңын жеңіл автокөліктер құрайды.

Сонымен қатар, мамырда Қазақстан жолдарына:

Бүгінде Қазақстанда 20,33 миллион адам тұрады. Жалпы 6,3 миллион автокөлікті ескерсек, әрбір үшінші қазақстандық көлік иесі деген сөз.

Электромобильдер көбейді

Экологиялық таза көліктерге деген қызығушылық та артып келеді: 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда тіркелген электромобильдер саны 66,9 пайызға көбейген.

Отын түрлері бойынша өсім:

4 айда 500 мыңнан аса көлік

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпанда автокөлік саны былтырғы ақпанымен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен.

2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанда тіркелген көліктер саны – 5 775 499:

Төрт айдың ішінде еліміздің автопаркі 526 987 көлікпен толыққан.

Алматы мен Астанада көлік тым көп

Алматыда көлік саны былтыр-ақ шекті деңгейге жеткен. Күн сайын қала жолдарына бір миллионға дейін көлік шығады, оның 600 мыңы – Алматыда тіркелген, ал 400 мыңы – облыстан келетіндер.

Сол кезде көлік саласының сарапшылары "ақылы тұрақтарды кеңейтіп, қала ішінде қозғалысты шектеу" ұсынысын жасаған. Олардың пікірінше, бұл жол қозғалысындағы жүктемені азайтып, мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуы тиіс болатын.