Қазақстанда көлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу жеңілдеуі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.k-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба деректері бойынша, жаңа көлік иелері алғашқы тіркеуден толықтай онлайн, eGov порталы арқылы өте алады. ХҚКО-ға бармай-ақ рәсімдеуге болады:

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырылады. Іске асыру мерзімі – 2026 жылғы 31 тамызға дейін. Ведомстволар бұл бастама құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартып, автокөлік сатып алу процесін әлдеқайда ыңғайлы ететінін атап өтті.