Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатта Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алатыны нақтыланған.
Қазақстан аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері де заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алады.
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, қызмет түрлерінің белгіленген тізбесі бойынша жұмыс істейтін микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициентін қолданатын қызмет түрлерінің тізбесі бойынша жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің тізімін жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, қордың цифрлық жүйесіне жібереді. Жарналар мен аударымдар есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей ай сайын төленуге тиіс.
Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды олардың табысы төленген кезде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе өзге де заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Аударымдар мен жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару тиынды мынадай тәртіппен дөңгелектей отырып, теңгемен жүргізіледі:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесіндегі деректер негізінде Мемлекеттік корпорация ай сайын екі жұмыс күні ішінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге қажеттілік есептелетін күндегі нақты саны бойынша қорға жарна төлеуден босатылған тұлғалардың санына қажеттілікті қалыптастырады.
Қорға жарна төлеуден босатылған тұлғалар үшін республикалық бюджеттен МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бөлінетін бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация Еңбек министрлігінің цифрлық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ай сайын жібереді.
Сонымен қатар әкімшілік есептілік нысандары жаңартылды.
Қате төленген жарналарды қайтару рәсімдері де цифрландырылды. Атап айтқанда, eGov порталы арқылы электрондық өтініш беру, Saqtandyrý жүйесін пайдалану және мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында автоматты түрде дерек алмасу тәртібі нақтыланды.
Бұдан бөлек, МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушыларды есепке алу қағидалары жаңа редакцияда жазылды.
Бұйрық 2026 жылғы 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.