Қазақстанда масс-медиа туралы жаңа заң қабылданды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Жаңа Заңға "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.

Жаңа Заңда бірқатар тың ережелер қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.