Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты.
Атап айтқанда:
Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;
Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;
Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.
"Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:
автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);
дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).
Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.