Қазақстанда мұнай төгілген жерлерді тазартатын мемлекеттік компания құрылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Теңіз жасы" акционерлік қоғамын құру", — делінген құжатта.

Кәсіпорын қызметінің негізгі пәні мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталын республикалық меншік есебінен қалыптастыру, оның есептік құны 187 108 331 теңге.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.