Қазақстанда оқу үшін 550 шетелдік студентке грант берілді

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Гранттар шетел азаматтарына, оның ішінде Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ қандастарға арналған арнайы бағдарлама шеңберінде берілді. 2025–2026 оқу жылына арналған іріктеу нәтижесі бойынша 550 үміткер негізгі тізімге енгізілді. Тағы 488 үміткер – резервтік тізімде.

Жыл сайын жүзеге асырылатын бағдарлама 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2025 жылы конкурсқа әлемнің 57 елінен 13 723 өтінім келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп (2024 жылы 11 293 өтінім).

Іріктеу кезеңдері мынадай болды:

Гранттар мынадай деңгейлер бойынша бөлінді:

Бағдарламаға 37 қазақстандық жоғары оқу орны қатысып, 2 668 білім беру бағдарламасын ұсынды. Үздік нәтижелер көрсеткен стипендиаттар төмендегі жетекші ЖОО-ларда білім алады: