Қазақстанда пәтерлер қандай бағамен сатылып жатыр

Қазақстанда пәтерлердің орташа бағасы бөлме санына қарай 13 миллионнан 25 миллион теңгеге дейін барады. Кейбір қалаларда баға одан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Krisha.kz еліміздегі пәтерлердің құнын зерттеді. Қазір баспана қанша тұратынын, қай қалада арзан, ал қай қалада қымбат екенін анықтады.

Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:

1 бөлмелі — 13 млн тг;
2 бөлмелі — 19 млн тг;
3 бөлмелі — 25 млн тг.
Бұл — 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.

Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.

1 бөлмелі — 7.5 млн тг;
2 бөлмелі — 12 млн тг;
3 бөлмелі — 16 млн тг.

Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.

Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:

— Тараз;
— Талдықорған;
— Жезқазған.