Қазақстанда рөлі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

Көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді

"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар", - деді ол Үкімет отырысында өткен брифингте.