Қазақстанда салынатын екінші АЭС-тың атауы жарияланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-тың атауын жариялады.

Қазақстандағы екінші атом электр станциясы да Балқаш көлінің жағасында салынады.

"Қазіргі кезде үш алаң қарастырылып жатыр. Екінші АЭС-тың жұмыс атауы да бар. Ол "Мойынқұм" атом электр станциясы болады", - деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, осы жолы АЭС атауына конкурс жарияланбайды. Ал қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы екінші атом электр станциясын салуы мүмкін.