Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуірде күн жыли түседі. Көпжылдық деректерге сәйкес, айдың бірінші онкүндігінде елдің солтүстігінде тәуліктік орташа ауа температурасы 0 градустан өтіп, оң мәнге көтеріледі, ал оңтүстікте +10 градустан асады.
Сәуірдің бірінші онкүндігі
Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде түнде жауын-шашын күтіледі, жаңбыр қарға айналуы, көктайғақ болуы мүмкін, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік аймақтарда найзағай соғып, жаңбыр жауады деп болжанады. Республика бойынша жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ал түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Сәуір айындағы температуралық ауытқулар мынадай болады:
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігі
"Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, ал үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады", - деді синоптиктер.
Қазақстанның көп бөлігінде түнде +5...+13 градустан -3...+5 градусқа дейін, күндіз +15...+25 градустан +8...+13 градусқа дейін температуралық өзгерістер күтіледі.
Оңтүстік және батыс өңірлерде күндіз ауа +23...+32 градусқа дейін жылынады, бірақ кей күндері +10...+18 градусқа дейін салқындауы мүмкін.