Қазақстанда шетелдің бірқатар азық-түлігіне тыйым салынуы мүмкін

Енді дүкен сөрелерінде кейбір шетелдің азық-түлік өніміне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басында ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін сыртқа шығаруға шектеу енгізілетінін хабарлаған. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл еліміздегі тұтынушыға бағаны қолжетімді ету үшін жасалып жатқан бірден-бір маңызды шара.

КТК мәліметіне сүйенсек, жауапты мамандар қорғаныс министрлігімен бірлесіп жаңа заң жобасын пысықтап жатыр. Олар өз фермерлеріміз етті көбірек өндірсін деген мақсатпен шопандардың баласының төрт түлік төлдейтін уақытта әскерге баруын уақытша кейінге қалдыруды ұсынды. Малшылар 55 жасында әлеуметтік көмек алып, зейнетке де шығуы да мүмкін.

"Біз әр тауарды бөлек қарап шығамыз. Қайсысы тым арзан бағамен сатылып жатқанын тексереміз. Дүкендердегі бағаны сол тауардың Қазақстанда өндірілетін құнымен салыстырамыз. Егер шетелден келген өнім бізде шығаратын бағадан да арзан болса, бұл дұрыс емес. Өйткені ондай арзан тауарлар өзіміздің шаруалар мен кәсіпорындарға зиян келтіреді. Сондықтан егер демпинг бары анықталса, ондай өнімді елге әкелуді шектеу немесе тоқтату қажет".Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Автор: Caravan.kz