Қазақстанда шілдеде 141 мыңнан астам адам жұмыс іздеді. Ең көп сұраныс қай салаларда?

2026 жылғы шілдеде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме жариялады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Informburo.kz

Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер саны 11,5%-ға өскен. Министрлік мұны жаз мезгілінде оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына жаппай шығуымен байланыстырды.

Шілде айында жұмыс берушілер ең көп қызметкерді мына салалардан іздеген:

білім беру – 23,4 мың бос жұмыс орны;
қызмет көрсету саласы – 16 мың;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 10,3 мың;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
құрылыс – 5,7 мың.
Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны:

Астана – 8,8 мың;
Түркістан облысы – 7,6 мың;
Павлодар облысы – 7,1 мың;
Алматы қаласы – 7 мың;
Ақмола облысы – 6,9 мың.
Жұмыс берушілердің сұранысында орта білікті мамандар басым болды. Олар барлық бос жұмыс орындарының 38,8%-ын құрады.

Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstanda-sildede-141-mynnan-astam-adam-zumys-izdedi-en-kop-suranys-qai-salalarda-boldy