Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап
"Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).
Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Сот отырысы Алматы ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі (трансляция сілтемесі қосымша беріледі).