Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Реттеушінің мәліметінше, құжат қолданыстағы нормаларды жаңартылған заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, Салық және Цифрлық кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Негізгі жаңалықтардың бірі - теңгенің ресми бағамы белгіленетін шет ел валюталары тізбесін кеңейту. Қазіргі уақытта тізімге 39 валюта кіреді, алайда оны 48-ге дейін арттыру жоспарланған.
Жобаға сәйкес, тізбеге тағы тоғыз валютаны қосу ұсынылып отыр. Олар: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Катар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румынияның.
Ұлттық банк бұл шешімнің соңғы бес жылдағы сыртқы сауда айналымына жасалған талдау, төлем валюталары туралы деректер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары негізінде қабылданғанын түсіндірді.
Құжат қабылданғаннан кейін теңгенің ресми бағамы халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын валюталардың кеңірек тізіміне қатысты белгіленетін болады.