Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Енді қағидаларға сәйкес, үй жануарын одан әрі асырау мүмкін болмаған жағдайда оның иесі немесе жауапты тұлға жануарды басқа жерге орналастыру шараларын қабылдауға тиіс. Атап айтқанда, оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне немесе асырауға қажетті жағдай жасай алатын жеке не заңды тұлғаларға беруге болады.