Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта:

"Десилмакс" дәрілік затының (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг, пішінді ұяшықты қаптамада 4 таблеткадан, картон қорапта 1 пішінді қаптама), өндірушісі – "Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед" (Үндістан), сериясы BSE92301A, жарамдылық мерзімі 07.2026 жылға дейін – медициналық мақсатта қолданылуына тыйым салынсын және айналымнан алып қойылсын", – делінген құжатта.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Хабарламада айтылғандай, препаратты айналымнан алып қоюға 2026 жылғы 6 ақпандағы "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК-ның Комитетке жолдаған хаты және 2025 жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.