Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға пайдалану қағидалары өзгертілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электрондық өтініш береді. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты, қолжетімді сома көрсетіледі және ол өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

Еске салсақ, бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдері де көрсетілетін.

Нақтылай айтқанда, Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін мынадай мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі:

Сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беруге жол беріледі.

Өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарын жұбайларының және (немесе) жақын туыстарының үшінші тұлғаларға одан әрі беруіне жол берілмейді. Бұған дейін мәтінде тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша салым шарты туралы айтылған болатын.

Сонымен қатар енгізілген түзетулер тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пайдалану тәртібін де өзгертті.

Атап айтқанда, белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражаты өтініш берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотына қайтарылуға жатады.

Бұдан бөлек, қағидаларға жаңа норма енгізілді. Оған сәйкес, өтініш берушінің арнайы шотынан біржолғы зейнетақы төлемі сомасы қате түрде БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда, уәкілетті оператор өтініш берушінің жеке зейнетақы шотынан қате қайтарылған қаражатты есептен шығаруға берген келісімін алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, аталған келісімді қоса тіркей отырып, БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жолдайды.

Өз кезегінде, БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару сомасын, бірақ өтініш берушінің (алушының) жеке зейнетақы шотында бар қаражат көлемінен аспайтын мөлшерде, уәкілетті операторға аударады. Бұл қаражат кейін уәкілетті операторда ашылған өтініш берушінің (алушының) арнайы шотына есепке алынады.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ал жекелеген нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген.