Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдердің зейнет жасы кем дегенде 2027 жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады.
Қазақстандағы зейнет жасы
Зейнет жасы - көптеген елде маңызды тақырып және Қазақстан да одан қалыс емес. Ғаламдық экономикалық және демографиялық өзгерістер талабымен зейнет жасын көтеру халықаралық тәжірибеге айналуда. Өмір сүру ұзақтығының өсуі және халықтың қартаюы жұмыс істейтін азаматтарға салмақ салады, - дейді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Қазақстанда бүгінде жалпы белгіленген зейнет жасы:
Алайда 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған. Бұл үдеріс мынадай ретпен жүзеге асады:
Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасы бірдей - 63 жас болады.
Бұл неліктен маңызды?
Әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру — бұрыннан қарастырылған шара. Ол ерлер мен әйелдердің зейнетақы шарттарын теңестіруге бағытталған. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы мен зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сай кейбір азаматтардың бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жеңілдетілген жасы бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар зейнетақы жүйесінде күрт өзгерістерді күтпеуі керек. Барлық өзгерістер алдын ала жоспарланып, біртіндеп енгізіледі.